1. Қоса беріліп отырған Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 09.04.2008
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3401
Күші жойылды ҚР Білім және ғылым министрінің 09.04.2008 № 181 Бұйрығымен (27.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
Редакция 27.03.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 21-1)-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Есбосынова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. "Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 18 қазандағы N 688 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2538 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің 2003 жылғы N 37-42 N 879 бюллетенінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Н.Гамарникке жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 бұйрығымен бекітілген
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 21-1) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленген және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, жалпы орта, кәсіптік бастауыш және орта, қосымша жалпы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерін (бұдан әрі - педагогикалық қызметкерлер) аттестаттау тәртібін айқындайды.
: 1-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 146 бұйрығымен.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) алынып тасталды;
2) педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау - педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
3) біліктілік санаты - қызметкердің белгілі бір дәрежедегі күрделі кәсіби міндеттерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтік өлшемдерге сәйкес біліктілік деңгейі.
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 261 бұйрығымен.
3. Аттестаттау алдыңғы аттестаттаудың мерзімі өткеннен кейін 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.
Сондай-ақ аттестаттау:
атқаратын лауазымы бойынша санатын жоғарлату мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттау туралы педагогикалық қызметкердің өтініші;
Полная версия

