"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы N 109 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған "Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы N 109 қаулысымен бекітілген
"Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) " Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Техникалық регламент метрополитендерді жобалауға, салуға, пайдалануға, консервациялауға (жоюға) қолданылады және мынадай:
тау-кен қазбаларын ұңғылаудың, тау-кен қазындысы тиеу мен тасымалдаудың, құрылыстарды ашық және жер асты тәсілдермен салудың, тау-кен қазбаларын консервациялау мен жоюдың;
қолданыстағы метрополитеннің жол, станциялық шаруашылық, жылжымалы құрамын пайдалануды;
метрополитенді салу және пайдалану кезінде тіршілікті қамтамасыз етудің, энергиямен қамтамасыз етудің, желдетудің, су ағызудың, өрт қауіпсіздігінің, дабыл мен байланыстың өндірістік үдерістерін орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
3. Жолаушылар мен қызмет көрсетуші персонал үшін кез келген бүркеме қауіптілікті қоса алғанда, қауіпті жағдайларды теңестіруді және қауіпті факторлардың әсер ететін болжалды қауіп-қатерін бағалауды жобалау және құрылыс ұйымдары, тау-кен жұмыстарын орындау үдерістерінде және метрополитенді пайдалану кезінде қолданылатын жабдықты дайындаушылар өткізеді.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аварияларды жою жоспары - алдын ала әзірленген сценарий бойынша адамдарды құтқару және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жиынтығын, құлақтандыру және лауазымды тұлғалардың іс-қимыл жасау, аварияларды жоюды ұйымдастыру тәртібін анықтайтын құжат;
2) аралық - шектес станциялар арасында орналасқан метрополитен желісінің бөлігі;
3) бекітпе (бітем) - бекіткіш пен қазбаның бүйір қабырғалары арасындағы кеңістікті бетонмен немесе басқа да рұқсат етілген материалмен толтыру үдерісі;
Полная версия