Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050 Қаулысы
Редакция 19.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мүдделi министрлiктер, ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік органдар (келісiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдері: 
1) Iс-шаралар жоспарының тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 
2) жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне Іс-шаралар жоспарының iске асыру барысы туралы талдамалы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi А.Е.Мусинге жүктелсiн.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.03.2007 № 234 қаулысымен. (21.10.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 13 қазандағы
 N 1050 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн 
 реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған 
 мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 
 iс-шаралар жоспары 
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2005 № 1061, 28.03.2007 № 234, 11.09.2009 № 1354, 31.12.2009 № 2316, 19.01.2011 № 15 Қаулыларымен. (13.10.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
 
P/c
N
Ic-шаралар Аяқтау нысаны Жауапты орындау шылар Орындалу мерзiмi Болжанып отырған шығыстар*
(млн.
теңге)
Қаржыландыру
көзi
1 2 3 4 5 6 7
1. Мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн ынтымақтасқан және бiрлескен жауапкершілiгi
1. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекет пен адамның адам денсаулығы үшiн ынтымақтасқан жауапкершілігі, медицина қызметкерлерi мен денсаулық сақтау ұйымдарының диагностика мен емдеудегi кәсіптiк қателiктерi үшін әкiмшiлiк жауапкершiлiгi бөлiгiнде денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ДСМ, Еңбекминi 2005 жылдың I тоқсаны Бюджеттiк қаржыландыруды талап етпейдi

2. Қазақстан Республикасының халқына 2005 жылғаарналған тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiн әзiрлеу және бекiту Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының жобасы ДСМ, ЭБЖМ, Қаржыминi 2004 жылдың IV тоқсаны Бөлiнген қаражат шегiнде Республикалық және жергiлiктi бюджеттер
3. Қазақстан Республикасының халқына тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң тiзбесiн қайта қарау және бекiту Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының жобасы ДСМ, ЭБЖМ, Қаржыминi 2005 жылдың IV тоқсаны
2007 жылдың IV тоқсаны,
2009 жылдың IV тоқсаны
Бөлiнген қаражат шегiнде Республикалық және жергiлiктi бюджеттер
4. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ережесiн әзiрлеу Нормативтік құқықтық кесiмнiң жобасы ДСМ 2004 жылдың IV тоқсаны Шығыстар болжанбайды

5. Халықты кейiннен серпiндi бақылай және сауықтыра отырып, жыл сайынғы алдын ала медициналық тексеру жүргiзу (20-дан 34-кe дейiнгi ұрпақты болу жасындағы әйелдер - 2005 жыл, 49 жасқа дейiнгі ұрпақты болу жасындағы әйелдер және 18 жасқа дейiнгi балалар - 2006-2007 жылдар) ДСМ-ге ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi 2005-2007 жылдар 2005 жыл - 847,8
2006 жыл - 4464,1
2007 жыл - 3888,5
Республикалық бюджеттен бөлiнетін мақсатты трансферттер
5-1. Әйелдерге сүт бездерінің ісігін және жатыр мойны ісігін ерте анықтауға скринингтік зерттеулер, ересек тұрғындарға жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізу ДСМ-ға ақпарат Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2009 - 2010 жылдар 2008
жыл -
1476,6
2009
жыл -
1503,3
2010
жыл -
1704,1
Жергілікті бюджет
6. Кодекстермен реттеуге жататын қоғамдық қатынастар тiзбесiне денсаулық сақтау саласын енгiзудi көздейтiн "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Әділетмині, ДСМ 2006 жылдың IV тоқсаны Шығыстар болжанбайды

7. "Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң жобасын әзiрлеу Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы ДСМ, Әділетмині 2007 жылдың IV тоқсаны Шығыстар болжанбайды

2. Халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру жүйесiн  
                       реформалау және дамыту  
8.   Қазақстан Респу. Жергiлiктi Облыс.  2004    Бөлiнген  Респуб. 
бликасының ден.  атқарушы   тардың, жылдың  қаражат   ликалық 
Полная версия
ИС BestProfi