1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.10.2001 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 қазан N 1587
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" 2000 жылғы 28 шiлдедегі N 422 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер;
4) олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттiк халықаралық бағыттар желiсiне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, магистральды темiр жолдар, ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгін реттейтiн және кепiлдендiретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер;
5) магистральдi мұнай және газ құбырлары, кернеуi 220, 500 және 1150 кВ аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi;
6) су техникасы құрылыстары бар су қоймалары, су тораптары, су көздерiндегi суды көтеретін бөгеттер;
Полная версия