Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 20 желтоқсан N 1335       
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейінгі акциялардың мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатысына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40 және 41-жолдармен толықтырылсын: 
"40. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100% 
41. "Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100%".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi