Мемлекеттiк меншiктi есепке алуды жетiлдiру, сондай-ақ оның пайдаланылуына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2013
Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 391 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 30.04.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580, 27.09.2006. № 926 қаулыларымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мемлекеттiк кәсiпорындарға, мемлекеттiк мекемелерге және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға қатысты ұйымдастыру, қайта құру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ жүктеу (кепiл, басқаруға беру), мемлекеттiң үлестiк қатысуын өзгерту осы Ережемен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi деп белгiленсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580 қаулысымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және өзге де мемлекеттiк органдар Ережеге сәйкес деректердiң уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2001. № 1369, 27.09.2006. № 926 қаулыларымен. (29.03.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Министрлiктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп нормативтiк базаны осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
5. "Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 қаулысының 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 Қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның тiзiлiмiн жүргiзу ережесi
Мәтіндегі сөздер өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580, тақырып өзгертілді - 27.09.2006. № 926 қаулыларымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) - Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы экономикалық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесi.
Осы Ереже Тiзiлiмдi жүргiзудi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi мен технологиясын, сондай-ақ Тiзiлiмнiң деректерiн пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1. Тiзiлiм мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы жиынтық деректердi қамтиды. Осы Ереже көрсетiлген заңды тұлғаларға кiрмейтiн мемлекеттiк мүлiктi тiркеу мен есепке алудың тәртiбiн белгiлемейдi.
2. Тiзiлiм Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) белгiлеген талаптарға сәйкес есептелетiн объектiлердi құрылымдауға мүмкiндiк беруi тиiс.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2002. № 580 қаулысымен. (28.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Тiзiлiм екi кiшi бөлiмнен (негiзгi және қосымша) тұрады.
Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмi 1-қосымшада көрсетiлген, объектiнi бiрдейлендiруге және объектi туралы негiзгi статистикалық деректердi ұстауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi, оның iшiнде акциялары ұлттық холдингтiң және ұлттық басқарушы компанияның меншiгiндегi акционерлiк қоғамдардың (олардың еншiлес, тәуелдi ұйымдарын және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, қатысушылардың қаржылық есептiлiгiнде активтердi, мiндеттемелердi, осы қызметтен түсетiн кiрiстер мен шығыстарды көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда) қызметi туралы ақпаратты қамтиды. Қосымша кiшi бөлiм мемлекеттiк мiндеттердi шешу үшiн қажеттi, түрлi серпiндi көрсеткiштердi қамтиды.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.09.2006. № 926 қаулысымен. (28.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия