Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қазан N 1538
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2018 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес (07.10.1999 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 16 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 28.09.2018 жылғы № 605 Қаулысына сәйкес
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2018 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес (07.10.1999 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры туралы ереже бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2018 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес (07.10.1999 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2018 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес (07.10.1999 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Ереже құжаттарды қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының (бұдан әрі – Қор) құрамына жатқызу тәртібі, оларды есепке алу мен сақтауды ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1) Қор – Заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық архивтердің, архивтік қорлар мен коллекциялардың, деректі ескерткіштердің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы;
2) архив – архив құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ архив мекемесі немесе мекеменің, ұйымның не кәсіпорынның пайдаланушылардың мүдделері үшін архив құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
5. Құжаттарды, архивтерді, архивтік қорлар мен коллекцияларды Қордың құрамына жатқызуды Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптаудың негізінде осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Республикалық меншіктегі құжаттар құндылығының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру үшін уәкілетті орган Орталық сараптау-тексеру комиссиясын (бұдан әрі – ОСТК), коммуналдық меншіктегілер үшін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) сараптау-тексеру комиссияларын (бұдан әрі – СТК) құрады.
9. Құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау нәтижесі оң болған кезде уәкілетті орган құжатты Қордың құрамына жатқызу бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.
10. Уәкілетті орган құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау қорытындысы теріс болған кезде Қордың толықтыру көздеріне Қор құрамына құжатты енгізуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді.
12. Қордың мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Қордың құжаттарын тұрақты сақтауға ерекше құқық берілетін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдарына беріледі.
13. Қордың жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері мен уәкілетті орган қол қоятын шарттарда тіркеледі.
14. Қордың құжаттарын және олардың сақтандыру көшірмелерін мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде тұрақты және уақытша сақтау тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.
15. Құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларды Қордың құрамынан шығару құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
16. Егер құжат ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызын жоғалтса, құжаттарды, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларды Қордың құрамынан шығару міндетті болып табылады.
17. Қордың құжаттарын тұрақты сақтауға айрықша құқық берілетін мемлекеттік архивтер уәкілетті органға құжатты Қордың құрамынан шығару туралы өтініш жолдайды.
Құжаттың құндылығын мемлекеттік сараптау нәтижесі теріс болған кезде мемлекеттік архивтерге құжатты Қордың құрамынан шығарудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолданады.