Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.08.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 Қаулысы
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақтың екiнші абзацындағы ", ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың үшiншi абзацындағы "17" деген сан "28" деген санмен ауыстырылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 1038 қаулысы 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 335-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 897 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамы
құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.12.2004. № 1256, 16.03.2005. № 234 қаулыларымен. (26.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Әйтімова - Қазақстан Республикасының Білім
Бірғаным Сарықызы және ғылым министрi, төрайым
Аманшаев - Қазақстан Республикасының
Ермек Әмiрханұлы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-
министрi, төрағаның орынбасары
Қадiров - Қазақстан Республикасы Бiлiм және Данияр Рамазанұлы ғылым министрлiгiнiң Жастар саясаты департаментi директорының мiндетiн атқарушы, хатшы
Полная версия