Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.12.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы N 797 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Yкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы ережеде: 
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"7. Сыйлық алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, шығармашылық және кәсiптiк одақтар, қоғамдық жастар бiрлестiктерi және қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ұйымдар жүргiзедi. 
Сыйлық алуға ұсынылған кандидатуралар туралы дұрыс емес ақпарат ұсынылған жағдайда аталған кандидатуралар конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.";
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комиссия туралы ережеде: 
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын: 
"Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды. 
Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi. 
Хатшы жұмыс тобының мүшесi болып табылмайды. 
Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншiсiнде Комиссия конкурсқа сыйлық алуға қатысу үшiн кандидатураларды iрiктейдi, екiншiсiнде сыйлық тағайындау туралы шешiм қабылдайды. 
Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. 
Комиссия отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.";
7-тармақтағы "жасырын" деген сөз алынып тасталсын.
Полная версия
ИС BestProfi