Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 26.08.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 20 қыркүйек N 1038
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта "сыйлығы" деген сөз "сыйлығын беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы ережеде:
1-тармақта:
"қоғамдық, кәсіби жағынан танылған" деген сөздер алынып тасталсын;
"беріледі." деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.";
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.";
екінші абзацта:
"жұмысты" деген сөз "кандидатураны" деген сөзбен ауыстырылсын;
", сондай-ақ еңбектерінің жиынтығы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың бірінші абзацында:
"Шығармалар мен еңбектерді ұсыну, оларды", "сараптау және" деген сөздер алынып тасталсын;
Полная версия