«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 51) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 634 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес «Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2015 жылғы № 200 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 27.02.2015 жылғы № 155 Бірлескен бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасы бекітілсін.
2. «Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 53 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 23-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 634 қаулысымен бекітілген
Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және тау-кен жұмыстарын дамытудың келісілген және бекітілген жоспарларына сәйкес таратылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (түрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымалары) қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге, оның ішінде жер асты суларын, қатты пайдалы қазбалар, көмірсутегі шикізатын, кең таралған пайдалы қазбаларды, шипалы балшықтарды барлауға және өндіруге, сарқынды суларды төгу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізілетін немесе жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін жою - жою жобасында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қызметтің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар;
2) жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін консервациялау - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату кезіндегі, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда консервациялау жөніндегі іс-шаралар.
3. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюды немесе консервациялауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға мынадай талаптар қойылады:
1) жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
2) консервацияланған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) ғимараттар мен құрылыстарды жер қойнауын пайдалану салдарының зиянды әсерінен (қозғалып кетуінен, құлауынан, көшкіндерден, су басудан, топырақтың отыруынан) қорғау;
4) жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюдың және консервациялаудың қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасын оған міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындыларын қоса бере отырып әзірлеуді қамтитын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын белгіленген тәртіппен әзірлеу және тіркеу;
6) жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жобасы бойынша қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарын жою.
4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін өзге шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін жер қойнауын пайдаланушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлайды.
5. Жою және консервациялау жобасы мынадай құжаттарды:
1) жер қойнауын пайдалану объектісін тиісінше дайындау және тікелей жою немесе консервациялау жөніндегі мәселелер көрсетілетін түсіндірме жазбаны;
2) осы жер қойнауын пайдалану объектісінің тау-кен немесе геологиялық бөлінуінің шегіндегі жер қойнауының іс жүзіндегі жай-күйін толық көрсететін геологиялық, маркшейдерлік және графикалық құжаттаманы;
3) пайдалы қазбалар кен орындарының жер беті топографиялық жоспарларының, геологиялық картасының, бөліністерінің және көкжиек бойынша жоспарларының көшірмелерін;
4) жойылатын немесе консервацияланатын жер қойнауын пайдалану объектілерін, сондай-ақ басқа да өндірістік объектілерді орналастыру схемасын қамтиды.
Жою және консервациялау жобасы сонымен қатар мынадай іс-шараларды:
1) халықтың және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауын және қоршаған ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды қорғау жөніндегі, оның ішінде судың, газдың төгілуін, жер асты өрттерінің таралуын болдырмау жөніндегі;
2) жер асты суларының ластануын болдырмау жөніндегі;
3) персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды;
4) жер қойнауын пайдалану объектісін жоюдың немесе консервациялаудың қоршаған ортаға әсерін бағалауды;
5) консервациялау кезеңінде консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектісін санкцияланбаған пайдалануды және оған қол жеткізуді болдырмайтын шараларды қамтиды.
2. Жер қойнауын пайдалану объектісін жоюды және консервациялауды жүргізу тәртібі
6. Жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін жою және консервациялау үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстардың басталуының және аяқталуының болжамды мерзімдерін көрсетіп, күтіліп отырған жоюдың немесе консервациялаудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны жолдайды.
Хабарламаға мыналар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюдың немесе консервациялаудың қажеттілігін негіздейтін техникалық-экономикалық негіздеме және экономикалық есеп;
2) пайдалы қазбалардың қалған өңделмеген, оның ішінде алдын ала қорғану және басқа да мақсаттардағы қорлары туралы, ілеспе өндірілген, уақытша пайдаланылмайтын пайдалы қазбалардың бар болуы, сондай-ақ пайдалы құрамдастары, зиянды және улы заттары бар және жоқ өндіріс қалдықтары (қалдық сақтауыштарда, үйінділерде) туралы мәліметтер;
3) жер қойнауын пайдалану объектісін жоюдың немесе консервациялаудың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жобасы.
Көрсетілген құжаттама пайдалы қазбалар қорларының іс жүзіндегі жай-күйі, жер қойнауын пайдалану объектісінің, жер бөлумен шектелген жер үстінің жай-күйі туралы толық ақпаратты көрсетуі тиіс.
7. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісінше лицензиясы бар, жобалау ұйымы әзірлеген жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.
8. Жою және консервациялау жобасы әзірлеуге берілген тапсырма негізінде әзірленеді және оның құрамында жер учаскелерін шаруашылық айналымға тарту мақсатында осы жер учаскелерінің ерекшелігі мен пайдалану режиміне және жергілікті жағдайға байланысты оларды одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады
Жою немесе консервация жоспарында көзделетін жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау мерзімдерін әрбір нақты жағдайда құзыретті органмен келісім бойынша жер қойнауын пайдаланушы белгілейді. Консервациядағы объектілер бойынша шаруашылық қызметіне жол бермеу жөніндегі шаралар жою және консервациялау жобасында айқындалады.
Консервациядағы объектілер қоршалады және ол қоршауда консервацияланған объектінің аты және объектінің консервациялау күні көрсетілген тақта қойылады.
9. Жою немесе консервациялау жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдармен келісіледі және жобаны жобалау және іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
10. Объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру жою қоры қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
11. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға кіріседі. Өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілердің оларды жою немесе консервациялау басталғанға дейін сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін өткізеді.
12. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу бекітілген жобаға толық сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
13. Жер қойнауын пайдалану объектісін (немесе оның бір бөлігін) жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау олардың аяқталуы бойынша құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жүзеге асырады.
14. Комиссия жою немесе консервациялау жобасында көзделген орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын тікелей қарап шығудың және бағалаудың негізінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісін (бұдан әрі - қабылдау актісі) жасайды. Қабылдау актісіне мыналар қоса берілуі тиіс:
1) жойылған немесе консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектілерін және басқа өндірістік объектілерді орналастыру жоспарлары;
2) жою немесе консервациялау жобасында көзделген іс жүзінде орындалған жұмыстардың тізбесі мен көлемі;
3) жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін жоюға немесе консервациялауға іс жүзінде жұмсалған шығындар туралы анықтама.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қабылдау актісін алғаннан кейін жұмыстар аяқталған сәтте геологиялық және маркшейдерлік және өзге құжаттама толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіпппен сақтауға тапсырылады.
Көрсетілген құжаттама пайдалы қазбалар кен орны қорларының қалдық жай-күйін және пайдаланылу дәрежесін, өндірістік объектілердің, осы жер үсті учаскесіндегі жер бедерінің жай-күйін толық көрсетуге тиіс.
15. Жойылған және консервациядағы жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесін осы Қағидаға 2, 3 - қосымшаларға сәйкес жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасына 1-қосымша
Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою (консервациялау) мақсатында орындалған жұмыстарды қабылдау және бағалау АКТІСІ
20___ жылғы « ___ » _______ № ________
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану объектісінің немесе оның бір бөлігінің атауы)
_____________________________________________________________________
(комиссияны құрған органның атауы)
20____ жылғы « ____ » № ____________________ бұйрығымен тағайындалған
(комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып отырған лауазымы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
құрамындағы комиссия жойылған (консервацияланған) жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) қарап тексерді және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасының, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) жою (консервациялау) жобасының талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) жою (консервациялау) мақсатында жүзеге асырылған жұмыстардың толықтығы мен сапасын сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарады.
Комиссияның шешімі: _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін графикалық материалдар, құжаттар мен анықтамалар, олар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілген құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Комиссия төрағасы:
Комиссия мүшелері:
Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасына 2-қосымша
Жойылған жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесі
Р/с № | Жойылған жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы, оның аумақтық орналасуы жер қойнауын пайдаланушы | Индексі | Жер қойнауын пайдалану объектісінің жойылған күні, қабылдау актісінің күні | Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) жоюдың негізгі себептері) | Жою жобасын әзірлеген лицензиаттың атауы | Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) жою туралы актіні бекіткен мемлекеттік органның атауы | Жою жөніндегі материалдар сақталатын өндірістік объектінің атауы | Тау-кен бөлу актісінің тізілімдік № және оның берілген күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасына 3-қосымша
Консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесі
Р/с № | Консервацияланған объектінің атауы, оның аумақтық орналасуы жер қойнауын пайдаланушы | Индексі | Жер қойнауын пайдалану объектісінің Консервацияланған күні, қабылдау актісінің күні | Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) Консервациялаудың негізгі себептері) | Консервация жобасын әзірлеген лицензиаттың атауы | Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) консервациялау туралы актіні бекіткен мемлекеттік органның атауы | Консервациялау жөніндегі материалдар сақталатын өндірістік объектінің атауы | Тау-кен бөлу актісінің тізілімдік № және оның берілген күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Полная версия