Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.08.2013
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 648 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2013 жылғы 20 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 697 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және кеден шекаралары арқылы өтетiн жеке тұлғаларды, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының өкiлдiктерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерi тiзбесiнiң бекiтiлуi туралы ақпаратты жеткiзсiн.
3. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 3 шiлдедегi
 N 648 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
 шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi
1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
Мамлютка (Солтүстiк Қазақстан облысы) 
Жезкент (Шығыс Қазақстан облысы).
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1608 Қаулысымен. (23.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Өзбекстан Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пункттері: 
Мақтаарал (Оңтүстiк Қазақстан облысы).
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2005 № 1275 Қаулысымен (03.07.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
3. Қырғыз Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
Мерке (Жамбыл облысы).
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1608 Қаулысымен. (23.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
Алтынкөл (Алматы облысы).
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1608 Қаулысымен. (23.12.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Түрікменстанмен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
Болашақ (Маңғыстау облысы).
Тізбе 5-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1608 Қаулысымен.
Полная версия
ИС BestProfi