1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4625 болып енгізілген 2007 жылғы 11 шілдедегі N 104 (1133) "Заң газетінде" жарияланған) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен 2008 жылғы 28 шілдедегі N 235 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5294 болып енгізілген 2008 жылғы 3 қазанда N 151 (1551) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2019
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 273 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5340 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 4-12, 21–32 қосымшалар 2010 жылғы 13 тамызға дейін жарамды.
5. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 13-20, 33–44 қосымшалар 2010 жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
мәтін бойынша "электрондық деректер банкі", "бірыңғай электрондық деректер банкі", "электрондық деректер банкісін" сөздері "заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркелімі" және "заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркелімін" сөздерімен өзгертілсін;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтер:
уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелер деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға;
заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;
қылмыс және өзге де құқық бұзушылық үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда мәлiмет беретін жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.
Жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімінсіз басқа тұлғаға беруге болмайды.
Жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің мемлекеттік дерекқорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді жоғалтуға, сол сияқты қызметтік іс-әрекетіне байланысты аталған ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдарды оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңды тұлғаларды тіркеу үшін тіркеуші органға:
осы Нұсқаулыққа 4 (14) қосымшаға сәйкес нысанда өтініші, сондай-ақ өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 21, 25, 29 (33, 37, 41) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініштер;
осы Нұсқаулыққа 1 қосымшаға сәйкес құрылтай және басқа да құжаттар тізбесі;
заңды тұлғаның басшысын және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің (шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының тізілімін жүргізу бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшірмелері ұсынылады.
Полная версия