Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1344 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 951 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1344  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 638-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде: 
"Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)" деген І-бөлімде: 
1) тармақшадағы "Вячеслав" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 64), 65), 66) тармақшалармен толықтырылсын: 
"64) Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасы; 
66) Чаглинка өзеніндегі Чаглинка су қоймасы."; 
"Мынадай су шаруашылығы құрылыстары" деген 2-бөлімде мынадай мазмұндағы 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111) тармақшалармен толықтырылсын: 
"99) Солтүстік Арал теңізінің су тартқыш бөгеті; 
100) Белая өзеніндегі су тартқыш бөгеті; 
101) Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су тораптары; 
104) Сол жағалау және Оң жағалау магистральды каналдарымен Тасқұтан су тартқыш бөгеті; 
106) Кобяково - Забурунье каналының бас бөлігіндегі бөгет; 
107) Тоғыс су қоймасының қосымша су беретін Сол жағалау каналы; 
108) Бөген су қоймасының қосымша су беретін Арыс каналы; 
"Топтық су құбырлары" деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 22), 23) тармақшалармен толықтырылсын: 
"22) Іле ауданындағы Бозой топтық су құбыры; 
23) Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген топтық су құбыры.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi