Близость слов: Окончание:





Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге республикалық меншікке беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1265 Қаулысы       
Редакция 26.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Меншік иесі - "Юбилейное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "Юбилейное" ЖШС) Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге (бұдан әрі - су қоймасы) республикалық меншікке қайтарымсыз беру туралы ұсынысымен келісілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті: 
1) "Юбилейное" ЖШС-мен су қоймасын республикалық меншікке беру туралы шарт жасассын; 
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен су қоймасын республикалық меншікке қабылдау жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын; 
3) су қоймасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қарағандысушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілсін.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.08.2025 жылғы № 681 Қаулысымен (21.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi