Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Бензиндерге арналған телімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 634 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бензиндерге арналған телімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 23 маусымдағы
 № 634 қаулысымен
 бекітілген
«Бензиндерге арналған телімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Бензиндерге арналған телімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) бензин телімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Техникалық регламент тізбесі бірыңғай Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) кодтарына сәйкес Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген бензиндерге арналған телімдерге қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, оның ішінде әкелінетін (импортталатын) бензиндерге арналған телімдер Техникалық регламенттің шарттарына сәйкес болуы тиіс.
3. Техникалық регламент бензиндерге арналған телімдердің бүкіл тіршілік цикліне ең төменгі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
4. Бензиндерге арналған телімдерді сәйкестендіру жиынтығында сәйкестендіруге жеткілікті болатын таңбалау және ілеспе құжаттары, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары КО СЭҚ ТН кодтарын қолдану жолымен жүргізіледі.
5. Бензиндерге арналған телімдердің мынадай негізгі топтары бар:
1) бензиннің энергетикалық қасиеттерін және олардың қозғалтқыштарда оның жағылу процесін жақсартатын телімдер: бензиндерге арналған антидетонаторлар; орташа дистиллянттық және қалдық бензиндердің жағылу процесін жақсартатын орташа дистиллянттық бензиннің толық жағылуын арттыратын, қалдық бензин жағылған кезде шөгінділердің санын азайтатын (атмосфераға зиянды шығарындылардың мөлшерін азайтатын) телімдер, түтінге қарсы телімдер, бензиннің өздігінен тұтануын кідірту кезеңін азайтуға арналған телімдер);
2) Бензиндерді сақтау, тасымалдау және қозғалтқыштарда пайдалану кезінде оның қасиеттерін сақтауға ықпал ететін; антитотықтырғыш; металдардың деактиваторы; диспергирлеуші телімдер;
3) бензиннің отын аппаратурасына, құбырға және ыдысқа зиянды әсерін болдырмайтын; сондай-ақ тозуға қарсы және коррозияға қарсы телімдер;
4) әртүрлі мақсаттағы телімдер: бензиннің электр өткізгіштігін арттыратын (антистатистикалық) телімдер, биоцидтер, бояғыш заттар, коагулянттар, қозғалтқыштар бөлшектерінің жұмыс істеуін жеделдетуге арналған телімдер және т.б.
6. Бензиндерге арналған телімдердің тіршілік циклі процесіндегі негізгі жол беруге болмайтын қауіпті факторлар (тәуекелдер) мыналар болып табылады:
Полная версия
ИС BestProfi