Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2001
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 24 қыркүйек N 216
Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына , "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар N 2694 Жарлығының 50-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894  Жарлығының 1-тармағына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 85-құжат) мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Қайрат Әбдіразақұлы Мәми - Қазақстан Республикасы Президентінің 
Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасының Президенті 
Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі."
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Кобдалиева Н.М. 
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi