Близость слов: Окончание:





Заң жобаларын әзiрлеу
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 3 қаңтар N 1
Соңғы кезде заң жобаларын әзiрлеу талаптары мен оларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне ұсыну мерзiмiнiң жиi бұзылатынын талдау көрсетiп отыр.
1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, Мемлекеттiк комитеттерi, Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының бөлiм меңгерушiлерi заң жобаларының мерзiмiн өзгерту, тiзбелерден алып тастау, атауын өзгерту мәселелерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Заң бөлiмiмен келiсетiн болсын. 
2. Қандай да бiр заң жобаларын қайтарып алу, оларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауын енгiзу мерзiмiн өзгерту туралы ұсыныс жасалған хатқа Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, ол болмаған кезде Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары қол қояды. 
Полная версия
ИС BestProfi