1. 1996 жылдың 1-шi тамызынан бастап көлiк құралдарын ерiксiз тоқтататын "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбiнiң нұсқамасы iске асырылсын және бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.01.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбiнiң нұсқамасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 13 тамыз N 265 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 маусымда N 316 тіркелді
Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
2. Алматы қалалық IIББ-ның, Байқоңыр қалалық және облыстық IIБ-ларының бастықтары Мемлекеттiк автоинспекция бөлiмшелерiнiң жеке құрамдарында көрсетiлген нұсқаманы оқытып, iс жүзiнде сабақ өткiзу арқылы сынақ алсын.
3. ҚР IIМ ҚАЖ (қылмыстық атқару жүйесiнiң) Бас басқармасы (ж. Х.Х.Валиевке) ҚР IIМ МАИ Бас басқармасымен келiсiлген ҚР ӘАЖ (әскери және арнайы жабдықтау) Бас басқармасының өтiнiшi бойынша жыл сайын "Кiрпi" арнайы құрылғысын дайындауды ескерсiн.
4. ҚР IIМ ӘАЖ (әскери және арнайы жабдықтау) Бас басқармасы (ж.
О.А.Молозинге) "Кiрпi" арнайы құрылғысын жасау үшiн белгiленген тәртiп бойынша керектi жабдықтар бөлудi қарастырсын. 5. 1983 жылғы 31 мамырдағы ССРО IIМ-нiң N 0146 "Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға арналған "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбi туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрi iшкi әскерлер қолбасшысы генерал-лейтенант Қазақстан Республикасы IIМ 1996 жылғы 13 тамыздағы N 265 бұйрығына қосымша КЕЛIСIЛГЕН Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары юстиция аға кеңесшiсi Ж.С.Елубаев 1996 ж. 18 шiлде Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға арналған "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолданудың тәртiбi туралы* НҰСҚАМА Бұдан әрi қарай "Кiрпi" құрылғысы аталады I. "Кiрпi" құрылғысының қызметi:
1.1. "Кiрпi" құрылғысы көлiк құралдарын мынадай белгiлi жағдайларда анық мәлiмет бойынша ерiксiз тоқтатуға арналған:
- қылмыс жасау үшiн қолданылған, ұрланған немесе айдап кеткен;
- адамдардың өлiмi мен жарақаттануына соқтырған көлiк-жол оқиғасы жасалған жерден жасырынған жүргiзушiнiң басқаруындағы;
Полная версия