Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
"Қазақстан Республикасы ішкі су жолдарының жағалау белдеуін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 910 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1434 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі су жолдарының жағалау белдеуін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 910 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 469-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі су жолдарының жағалау белдеуін пайдалану ережесінде:
"8. Жағалау белдеуінде орналасқан объектілерді салу немесе қайта жаңарту жобалары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылуы тиіс.".
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi