Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1392 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 мамырдағы N 439 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 458 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде: 
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген 5-бөлім мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын: 
"19-1. Қазақстан-катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясы. 
19-2. "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесі.";
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 10-бөлімде 39-тармақ алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген 13-бөлімде 55-тармақ алынып тасталсын; 
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген 16-бөлімде:
мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:
"66-1. Қазақстан-италия өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы."; 
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген 17-бөлімде:
мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
"79-1. Қазақстан-жапон экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комитет.".
2. "Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1392  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi