1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген, «Заң газеті» 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 (2006) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2012 жылғы 18 мамырдағы № 347 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 маусымда № 7725 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2017 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесінде:
1-бөлімде:
12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12 | Бронх демікпесі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Сальбутамол, аэрозоль, небулайзерге арналған ерітінді; Фенотерол, аэрозоль; Флутиказон, аэрозоль, интраназалдық спрей; Бекламетазон, дозаланған белсенді демалумен ингаляциялауға арналған аэрозоль, интраназальды қолдануға арналған мөлшерленген спрей; Будесонид, ұнтақ, ингаляцияға арналған суспензия; Будесонид+Формотерол фумарат дигидрат, пластикалық ингалятордағы ингаляцияға арналған ұнтақ; Салметерол+Флутиказон пропионат, аэрозоль, ингалятор-дисктегі ингаляцияға арналған ұнтақ; Циклезонид, ингаляцияға арналған мөлшерленген аэрозоль; Теофиллин, таблетка, капсула, капсула ретард; Преднизолон, таблетка; Фенотерол гидробромид + Ипратропий бромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль; |
Ингаляциялық глюкокортикостероидтерді қолдану мүмкін болмағанда және тиімсіз болғанда ауыр нысандарымен 3-12 жас аралығындағы балалар | Монтелукаст, таблетка, соның ішінде шайнауға арналған, түйіршіктер; |
»;
23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
23 | Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда онкологиялық аурулар | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Қатерлі ісіктердің барлық сатысы | Капецитабин, таблетка; Темозоломид, капсула; Эпоэтин альфа, инъекция арналған шприц-сықпадағы ерітінді; Тамоксифен, таблетка; Фулвестрант, бұлшықет ішіне енгізуге арналған шприц-сықпадағы ерітінді; Трипторелин, ерітінділер дайындауға арналған дәрі жіберу үшін лиофилизат; Гозерелин, тері астына енгізуге арналған ұзақ әсерлі имплантант; Ципротерон, таблетка, инъекцияға арналған майлы ерітінді; Летрозол, таблетка; Анастрозол, таблетка; Бикалутамид, таблетка; Торемифен, таблетка; Золедрон қышқылы, инфузия дайындауға арналған концентрат; Клодрон қышқылы, капсула, таблетка; Интерферон альфа 2а, 2b, шприц-сықпада; Тегафур, капсула; Филграстим, шприц-сықпада; БЦЖ вакцинасы, интравизикалдық енгізуге арналған ұнтақ суспензия дайындауға арналған еріткішпен қоса; Тиогуанин****, таблетка; Меркаптопурин, таблетка; |
Қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапия | Морфин, инъекцияға арналған ерітінді; Тримепиридин гидрохлорид, инъекцияға арналған ампуладағы ерітінді; Трамадол, таблетка, капсула, ампуладағы ұзақ әсерлі ерітінді, суппозиторийлер; Фентанил, терапиялық трансдермалдық жүйе; Кетопрофен, дәрі жіберу үшін ерітінді, ампула, капсула, таблетка, суппозиторийлер; Диазепам, ампуладағы, инъекцияға арналған ерітінді, таблетка; Біркомпонентті құрғатылатын илео/колостомдық нәжіс қабылдағыш қорғаныш пастасымен жинақта; |
»;
24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
24 | Ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Циклоспорин, капсула, ерітінді****; Микофенол қышқылы/ Микофенолат мофетил капсула, таблетка; Преднизолон, таблетка; Метилпреднизолон, таблетка, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ; Такролимус, капсула, оның ішінде ұзақ әсерлі; Валганцикловир, таблетка; |
»;
29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
29 | Остеоартроз | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Гонартроз, коксартроз, 2-3-сатысы | Құрамында натрий гиалуронаты бар буын ішіне енгізуге арналған эндопротез (протез, имплантант), стирильденген, бір рет пайдаланатын, шприцте (буын ішіне енгізуге арналған, қатаң түрде емшара кабинетінде); Диклофенак натрия, тікішектік капсула; |
»;
2-бөлімде:
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9 | Реналдық анемиямен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | III-IV-V сатысы, күндізгі стационар жағдайында бағдарламалық диализ алатын 18 жастан жоғары пациенттерді қоспағанда | Эпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Эпоэтин бета, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Темір сульфаты, капсула, таблетка; Парентералды қолданатын темір препараттары; |
»;
10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
10 | Ауто-иммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Жіті кезеңдегі Гийене-Барре синдромы, аурулар дебютіндегі мультифокалдық моторлық полинейропатия, адамның алғашқы туабіткен иммунды жетіспеушілігі, миастенияның генерализацияланған түрі, миастениялық криз, созылмалы қабынулы демиелинизирленген полинейропатия | G иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді; |
»;
11-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 11-1-жолмен толықтырылсын:
«
11-1 | Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулар | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Барлық сатысы мен ауырлық дәрежелері | Винбластин, лиофилденген ұнтақ; Метотрексат, таблеткалар; Филграстим, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Цитарабин, лиофилденген ұнтақ; Циклоспорин, капсулалар; |
».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Полная версия