Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан банктерi (бұдан әрі – Кастодиан банк) ұсынатын есептілігінің нысандарын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан банктерiнің есептілікті беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 127 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6557 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан банктерінің есептілікті беру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерiнiң есеп беруi туралы» 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 477 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1728 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылғы № 12 санында, 564-құжатта жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1728 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есеп беруі туралы» 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 477 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы № 91 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2245 тіркелген);
3) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есеп беруі туралы» 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 477 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3386 тіркелген).
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде «Жинақтаушы зейнетақы қорларың және бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп жасауын автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін толық іске қосылуын қамтамасыз етсін.
6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Агенттік Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 127 қаулысына қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банктерінің есептілікті беру ережесі
1. Осы Ереже «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 3-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттiк реттеу Заңы) 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан банктерінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептілікті беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.
2. Кастодиан банк уәкілетті органға есептілікті ұсынады, оған мыналар кіреді:
Полная версия