Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.11.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 мамыр N 553
Төтенше жағдайларда алдын алу мен iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн одан әрi жетiлдiру, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң халықты және аумақтарды авариялардан, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнен қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерi жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия құрылсын. 
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық бiрлестiктердiң авариялардың, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнiң алдын алу және жою мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн консультациялық-кеңесшi орган болып табылады деп белгiленсiн. 
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк Комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.  
#$2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 28.04.1998. № 390
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмi облыстық (қалалық, аудандық) Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң орынбасарларына, ал ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі аумақтық органдарына жүктейтiн болсын.  
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.05.2000. № 671
       қаулысымен.  

 
 
     4. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық
және атқарушы органдар Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
жөнiнде тиiстi салалық және объектiлiк комиссиялар құрып, оларға
басшылық етудi өздерiнiң бiрiншi орынбасарларына (бас инженерлерiне)
жүктейтiн болсын.
     5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi қосымшаға сәйкес
күшiн жойды деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 3 мамырдағы
                                      N 553 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
         Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi
            ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
                              ЕРЕЖЕ
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультациялық-кеңесшi орган болып табылады және авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жасау және жүргiзу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылып отыр. 
2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiктерiн министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық және атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынас жасай отырып жүзеге асырады. 
авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жасау және жүргiзу; 
авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардан, халықты, елдiң аумағын қорғауға және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге шаралар жүйесiн жасау; 
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштерi мен құралдарын құру және дамыту саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу; 
төтенше жағдайларда алдын алу және iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру мен одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау; 
төтенше жағдайлардың алдын алуға халықты және елдiң аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға және осы бағдарламаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiруге бағытталған мемлекеттiк нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру; 
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың авариялардың, апаттардың, зiлзала және басқа нәубеттердiң салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiру; 
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттарын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады. 
4. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен: 
Полная версия
ИС BestProfi