"Қазақ ақпарат агенттiгi" республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қазандағы N 1467 қаулысының 8-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы N 242 қаулысы
Редакция 18.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысымен (20.03.1998 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2015 жылы № 120 (28598) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бастаған Қазақстан Республикасы үкiмет делегациясының 1995 жылғы наурызда АҚШ-қа сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 22 маусымдағы N 858 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 251-құжат):
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бастаған Қазақстан Республикасы үкiмет делегациясының 1995 жылғы наурызда АҚШ-қа сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың жоспарында;
реттiк нөмiрi 1, "Инвестициялық бағдарламалар мен жобаларын iске асырылу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау" деген жолдарда 5-бағандағы "ҚазТАГ" деген сөз "ҚАА" деген сөзбен ауыстырылсын;
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1967 жылғы 27 ақпандағы N 200 өкiмi;
"Қазақ КСР Министрлер Советiнiң жанындағы Ақпарат агенттiгi (ҚазТАГ) туралы ережеге өзгерту енгiзу туралы" Қазақ КСР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 11 мамырдағы N 186 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Полная версия