Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1100 Қаулысы
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1504 Қаулысымен (22.10.2010 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1504 Қаулысымен (22.10.2010 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 қазандағы
№ 1100 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Астана 2010 жыл
1. Бағдарлама паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1504 Қаулысымен (22.10.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама атауы              Қазақстан Республикасында техникалық
                              реттеу және сапа инфрақұрылымын құру
                              жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған
                              бағдарлама

Бағдарламаны әзірлеу          Қазақстан Республикасы Үкіметінің
үшін негіздеме                2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302
                              қаулысымен бекітілген Қазақстан
                              Республикасы Үкіметінің Қазақстан
                              Республикасын үдемелі индустриялық-
                              инновациялық дамыту жөніндегі
                              2010 - 2014 жылдарға арналған
                              мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
                              жөніндегі іс-шаралар жоспарының
                              18-тармағы

Бағдарламаны әзірлеуге        Қазақстан Республикасы Индустрия және
және іске асыруға             жаңа технологиялар министрлігі;
жауапты мемлекеттік           Қазақстан Республикасы Ішкі істер
орган                         министрлігі;
                              Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                              министрлігі;
                              Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                              министрлігі;
                              Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және 
                              су ресурстары министрлігі;               
                              Қазақстан Республикасы Ауыл
                              шаруашылығы министрлігі;
                              Қазақстан Республикасы Көлік және
                              коммуникация министрлігі;
                              Қазақстан Республикасы Еңбек және
                              халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
                              Қазақстан Республикасы Төтенше
                              жағдайлар министрлігі;
                              Қазақстан Республикасы Экономика және 
                              бюджеттік жоспарлау министрлігі;
                              Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі 
                              облыстардың, Астана және Алматы
                              қалаларының әкімдері

Бағдарламаның мақсаты         1) отандық нарықты қауіпті және сапасыз
                              (стандарттық емес) өнімнен шектеу
                              2) дүниежүзілік стандарттарға сәйкес
                              келетін өнім өндіру үшін жағдай жасау,
                              менеджмент және технологиялық қайта
                              жабдықтау жүйелерін енгізу
Бағдарламаның негізгі         1) техникалық регламенттер базасын
міндеттері                    жасау
                              2) бәсекеге қабілетті- өнім өндіру үшін
                              жағдайлар жасау
                              3) отандық тауарларды халықаралық
                              нарыққа жылжытуға жәрдемдесу
                              4) метрологиялық тәуелсіздікті
                              қамтамасыз ету және өлшемдердің
                              қадағалануына қол жеткізу
                              5) барынша аз қол сұғу және тиімді
                              бақылау қағидаттарында мемлекеттік
                              бақылауды іске асыру

Бағдарламаны жүзеге           2010-2014 жылдар
асыру мерзімі

Нысаналы индикаторлар         Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 
                              мыналарға қол жеткізіледі:
                              1) жыл сайын техникалық регламенттердің
                              талаптарына жауап беретін және тиісті халықаралық
                              стандарттарға сай келетін стандарттау жөніндегі кемінде
                              500 нормативтік құжатты әзірлеу және қабылдау;
                              2) 2014 жылға қарай барлық нормативтік техникалық
                              құжаттарды Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай 
                              мемлекеттік қорына кемінде 67500 НҚ санында шоғырландыру
                              (2012 жылы – 66500, 2013 жылы – 67000, 2014 жылы – 67500);
                              3) 2014 жылға қарай кемінде 30 мемлекеттік эталон
                              мен эталондық жабдықты 60 жаңғырту (толығымен 
                              жабдықтау) (2010 жылы – 16 эталон, 2011 жылы –
                              10 эталон, 2012 жылы – 10 эталон, 2013 жылы – 
                              10 эталон, 2014 жылы – 14 эталон).
                              

Бағдарламаны                  Қаржыландыру көздері:
қаржыландыру көлемі           10 236 375 000 теңге сомасындағы 
мен көздері                   республикалық бюджет қаражаты:
                              2010 жылы – 2 233 535 000 теңге;
                              2011 жылы – 2 146 260 000 теңге;
                              2012 жылы – 1 850 811 000 теңге;
                              2013 жылы – 2 012 383 000 теңге;
                              2014 жылы – 1 993 386 000 теңге.
                              Қаржыландыру көлемі тиісті қаржы
                              жылына арналған республикалық бюджетті
                              қалыптастыру кезінде ңақтыланатын
                              болады.
Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдарға арналған техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 18-тармағына сәйкес әзірленген және стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті бағалау (растау), менеджмент жүйесі, метрология және ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды көрсетілген бағыттарда жетілдіруді қоса алғанда, техникалық реттеу жүйесін дамытуға және өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарлама іс-шаралары 2010 - 2014 жылдар кезеңін қамтиды, орташа мерзімді сипаты бар.
Бағдарламаны жүзеге асыру қауіпсіз және бәсекеге қабілетті өнімді өндіруге арналған инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді.
Полная версия
ИС BestProfi