«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 58) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысы
Редакция 22.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін, әуе көлігімен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 187 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысымен бекітілген
Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Президенті
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы
4. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2023 жылғы № 103 Қаулысына сәйкес (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
11. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
12. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
14. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14 Тармақ алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің 24.10.2019 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы
16. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (31.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия