Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.06.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 324 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 297 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 392-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінде: 
73-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылдату жүйелері, телефакстер, мәтіндік хабарламалы және хабар қабылдайтын жинақы телефондар, саңыраулар мен нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады."; 
мынадай мазмүндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын: 
"90-1. Тифломагнитолалар, компьютерлік тифлокешендер, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құрал, диктофондар, дыбыс жазбаны қайта тыңдауға арналған плейерлер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады. 
Оқитын машиналар кемінде 3 жылдан кейін, жіңішке таяқтар, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель - 2 жылдан кейін ауыстырылады."; 
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесінде; 
7-тармақтың сегізінші абзацы алып тасталсын; 
10-тармақтың 1) тармақшасындағы ", бос уақытын, демалысын өткізуіне, тауарлар мен қызметтер сатып алуына" деген сөздер алып тасталсын; 
1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;"; 
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"2. Ымдау тілінің машықтарын меңгерген мүгедекке ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуге:"; 
3) тармақшадағы "III-" деген сан алып тасталсын. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi