«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 03.04.2014
"Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу", "Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу" және "Шет мемлекеттің туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру" мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 603 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8004 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 08.06.2014 жылдан бастап ҚР Қөлік және коммуникация министрінің м.а. 03.04.2014 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілсін:
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарына салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Шет мемлекеттің туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Ж. Жансүгіров):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 603 бұйрығына 1-қосымша
«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар және жалпы ережелер
1. Осы «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» Регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі терминдер мен аббревиатуралар пайдаланылады:
1) куәлік – бербоут-чартер шартымен жалға алынған шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік;
2) мемлекеттік қызмет – теңіз кемелерін бербоут-чартер тізіліміне мемлекеттік тіркеу;
3) Порттың теңіз әкімшілігі – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі;
Полная версия