Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1306 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің нысандық киімінің және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормаларын бекіту туралы;
1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің нысандық киімінің және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормалары бекітілсін»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жоғары басшы құрамының нысандық киімінің және арнайы киім-кешектерінің тиесілілік нормалары»;
«Күнделікті киетін киім-кешек» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2.25-жолмен толықтырылсын:
 
2.25 Қара-қоңыр қорғаныш түсті табиғи қаракөл жағалы қысқы тері бушлат 1 дана 3 жыл **
«Далалық киім нысандары» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы «етегі сыртқа шығарылатын» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.3-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.4-жолдың 2-бағанындағы «шалбарға салынатын» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.6-жол алынып тасталсын;
«Өрт сөндіруші құтқарушылардың арнайы киімдері» деген 4-бөлімде:
бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi