Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.03.2001
Кедендік алып жүру туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 29 наурыз N 266 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 31 наурыз N 152 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 сәуірде тіркелді Тіркеу N 1106.
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 63  қаулысын орындау үшін 
1. Қоса беріліп отырған Кедендік алып жүру ережелері бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П ; 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің "Кедендік алып жүру туралы" ҚР КК 1995 ж. 7.12 N 193-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар туралы" 1997 жылғы 25 шілдедегі N 191-П  бұйрықтарының күші жойылды танылсын. 
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті (М.О.Нүкенов) заңмен белгіленген тәртіппен: осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Бірінші Вице-Министрі Р.К.Тоқсейітовке жүктелсін. Министр Министр Кедендік алып жүру туралы ереже 1. Жалпы ережелер 
1. Осы Ереже тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру және кедендiк алып жүру үшiн кедендiк алымдарды төлеу тәртiбiн айқындайды. 
Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"  1995 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрленген. 
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүру - Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларының (бұдан әрi - кеден наряды) тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүруi. 
3. Кедендiк алып жүру Кеден iсі туралы заңы мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 
4. Егер тасымалдаушы Кеден iсi туралы заңның ережелерiнiң сақталуына кепiлдiк бере алмаса не кеден органында тауарлар мен көлiк құралдарының тағайындалған жерiне дейiн жеткiзiле алмайды деп пайымдауға негiзi болса кеден органы кедендiк алып жүрудi жүзеге асырады. 
5. Кеден органының транзиттiк тауарларды кедендiк алып жүру туралы жөнiндегi шешiмi тауарларды тасымалдаушы үшiн мiндеттi болып табылады. 
6. Тасымалдаушы кедендiк алып жүрумен байланысты туындаған шығыстарын кеден органдары өтемейдi. 
7. Кедендiк алып жүру туралы шешiмдi жөнелтушi, алушы кеден органының басшысы не оларды алмастыратын тұлғалар қабылдайды. 
8. Кедендiк алып жүру мен алып жүрудi тiкелей ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау тауарларды тасымалдаудың кеден заңдарымен белгiленген мерзiмдерiн ұзартпауға тиiс. 
9. Кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарын алып жүрудi тасымалдаушы, жөнелтушi немесе алушы Кеден iсi туралы заңына сәйкес өзiне жүктелген барлық мiндеттемелердi орындайтын және кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарын төлейтiн шартпен кедендiк алып жүру туралы шешiм қабылданғаннан кейiнгi күннен кешiктiрмей жүзеге асырады. 
10. Көлiк құралы тиiстi түрде жасақталған: 
кеден баждары мен салықтарды төлеу тиiстi сомаларды уәкiлеттi банктiң кепiлдiктерi түрiнде немесе Қазақстан Республикасының кеден органының депозитiне енгiзумен қамтамасыз етiлген жағдайда қолданылмайды. 
Полная версия
ИС BestProfi