Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.03.2008
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 11 ақпан N 805
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 11.03.2008 жылғы № 552 Жарлығымен
Редакция 21.09.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына, 45-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.  
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:  
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 2565   Жарлығының  2, 4, 5-баптары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 412-құжат);  
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 3144  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 42, 392-құжат);  
3) "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымы мен штат саны, Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 қарашадағы N 3242  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 48, 465-құжат);  
4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 3144  Жарлығына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 3434  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 98-құжат);  
5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн органдардың құрылымы, штат саны және лауазымды адамдардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қазандағы N 3691  Жарлығы  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 427-құжат);  
6) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378  Жарлығының  2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат).  
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2002 жылғы 11 ақпандағы
 N 805 Жарлығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мәртебесiн, өкiлеттiгiн және Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды. 
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi (бұдан әрi - Президент Әкiмшiлiгi) Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын, оған тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган болып табылады.  
2. Президент Әкiмшiлiгi заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi бар.  
Полная версия
ИС BestProfi