Қазақстан Республикасы Президенті Iс басқармасының қызметiн жетілдiру мақсатында қаулы етемін:
Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығы
Редакция 20.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" жариялануға тиіс
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының құрылымы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының ҚҰРЫЛЫМЫ
Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 17.03.2004 жылғы № 1308 Жарлығымен (18.08.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 31.08.2006 жылғы № 170 Жарлығымен (17.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 26.11.2010 жылғы № 1110 Жарлығымен (31.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 13.11.2012 жылғы № 428 Жарлығымен (26.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 18.02.2016 жылғы № 196 Жарлығымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) Құрылым өзгертілді ҚР Президентінің 19.03.2019 жылғы № 884 Жарлығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Басшылық
Ішкі аудит бөлімі
Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі
Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім
Қаржы-экономикалық бөлім
Күрделі құрылыс бөлімі
Заң бөлімі
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз ету бөлімі
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
Жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2016 жылғы № 366 Жарлығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы
Полная версия