Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.02.2024
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 29.01.2024 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес 
Редакция 08.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2022 жылғы № 756 Қаулысына сәйкес (25.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (27.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 856 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2020 жылғы № 381 Қаулысына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2020 жылғы № 381 Қаулысына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.09.2022 жылғы № 756 Қаулысына сәйкес (25.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2020 жылғы № 381 Қаулысына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын және:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 322 Қаулысымен (02.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2015 жылы № 98 (28576) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (23.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 11.10.2013 жылғы № 1090 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Азаматтардың көрсетілген санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс;
2-тармақ 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.01.2020 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (өзгерту 31.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 2-1), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген, тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда жиынтық орташа айлық кірісі отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.10.2013 жылғы № 1090 Қаулысымен (26.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.01.2020 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (17.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (23.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (27.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 322 Қаулысымен (02.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2015 жылы № 98 (28576) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.
Полная версия
ИС BestProfi