Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.10.2018
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы N 4 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6113 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 20 қазаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 198 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару жүйелері болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 130 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4712 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә.Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2010 жылғы 1 ақпандағы
 № 4 қаулысымен бекітілді
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде қабылданған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару жөніндегі стандарттарға сәйкес әзірленді.
1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында (бұдан әрі - Ұйымдар) барабар тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруға қойылатын, жүргізілетін операциялардың түрлері мен көлемін ескере отырып, тәуекелдерді тиімді анықтауды, бағалауды және шектеуді қамтамасыз ететін тәуекелдерді бақылау әдістемелерін қолдануды көздейтін талаптарды анықтау болып табылады.
2. Ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Ұйым бөлімшелерінің және қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласындағы өз міндеттерін атқаруы үшін жағдай жасайды.
3. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аджастер – функцияларына сақтандыру төлемі жөніндегі өтінішті қарау және сақтандыру жағдайы бойынша келтірілген зиян мөлшерін бағалау кіретін Ұйымның қызметкері;
Полная версия
ИС BestProfi