«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 28.09.2015
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 28 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 02.09.2015 жылғы № 735 Қаулысына сәйкес «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 304 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2229 қаулысымен бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі және шарттары (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Ақылы медициналық қызметтер медициналық қызметтерді тұтынушылар болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі - пациенттер) көрсетіледі.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі -ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін медициналық көмектің бірыңғай көлемі;
ақылы қызметтер - ТМККК тізбесіне кірмейтін және пациенттердің жеке қаражаты, жұмыс берушінің, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден ақы төленетін басқа да қызметтер;
ақылы бөлімшелер (палаталар) - денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы негізде ТМККК тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтерді көрсетуге арналған бөлімшелер (палаталар);
денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
2. Ақылы қызметтерді көрсету тәртібі
4. Ақылы қызметтердің түрлері және олардың баға прейскуранты мемлекеттік және жеке меншік медицина ұйымдарындағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.
5. Азаматтарға ақылы қызметтерді көрсеткен кезде есеп және есептілік құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жүзеге асырылады.
6. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы негізде медициналық көмек алған пациенттерге:
амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткен кезде тиісті медицина қызметкерлерінің қорытындысын;
Полная версия