Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2016
"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1637 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес
1. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 13-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«8. Жыртылған қабаттағы жалпы гумустың құрамы, жеңіл гидролизделетін азот, жылжымалы фосфор және ауыспалы калийдің орташа есептелген көрсеткіштері суарылмайтын жерде – жеті жылда бір рет және суармалы жерде – бес жылда бір рет айналыммен жүргізілетін топырақты агрохимиялық тексеру нәтижелері бойынша айқындалады және бірінші (базалық) турдағы агрохимиялық тексеруде белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия