Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-5-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 23.07.2016
Парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлү үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 685 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 23 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 19.07.2016 жылғы № 411 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 685 қаулысымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларының тізбесі
1. Агроөнеркәсіп секторы.
2. Көлік.
3. Мұнай химиясы.
4. Мұнай-газ секторы.
5. Тау-кен металлургия секторы.
6. Химия өнеркәсібі.
7. Энергетика.
Полная версия