Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 1998 жылғы 31 тамыз N 4034
Мемлекеттік органдарды ұстауға жұмсалатын бюджеттік шығындарды қысқарту және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. Құрамынан Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасын шығару жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қайта құрылсын. 
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
1) Бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасы қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы жүз процент болатын "ШАРБ" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ШАРБ" ЖАҚ-ы) етіп қайта құрсын.  
2) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі Шаруашылық басқармасының балансындағы тұрған мүлікті және қосымшаға сәйкес тізбе бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ өзге де ұйымдардың мүліктерін "ШАРБ" ЖАҚ-тың жарғылық капиталына мемлекеттің жарнасы ретінде беретін болсын. 
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына "ШАРБ" ЖАҚ-тың мемлекеттік акциялар пакетін иелену, пайдалану және басқару жөніндегі өкілеттік берсін. 
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын қайта құру туралы" N 3692 Жарлығының 1-тармағындағы "Ақмола қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының" деген сөздермен алмастырылсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.04.2000. № 378 жарлығымен.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 1998 жылғы 31 тамыздағы
 N 4034 Жарлығына
 қосымша
"Шаруашылық басқармасы" ЖАҚ-на мүлкі берілетін мемлекеттік бюджетте тұратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдардың Тізбесі
"Қапшағай" резиденциясы         бар Үкіметтік резиденциялардың біріккен дирекциясы 
"Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы"         республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын       құрамында: 
Қазақстан Республикасы Президентінің 
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының 
Өндірістік пайдалану бірлестігі" республикалық мемлекеттік         кәсіпорны 
"Іскер" халықаралық ынтымақтастық орталығы" республикалық         мемлекеттік кәсіпорны 
Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық шаруашылығы 
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету кәсіпорны
"Панфилов" мал тұқымын асылдандыру зауыты 
Полная версия
ИС BestProfi