Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол полициясының жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудағы, оның қызметінде заңдылық пен тәртіпті нығайтудағы қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 16.04.2014
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 10 қазанда № 7243 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 13.06.2014 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 16.04.2014 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) жол полициясы қызметкерлерінен сынақтар қабылдай отырып, осы Нұсқаулықты зерделеуін ұйымдастырсын;
2) жол полициясы жол-патрульдік қызметінің жұмысын осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын;
3) Қазақстан Республикасында жол қозғалысы ережелерін сақтауды бақылау тек жол полициясы қызметкерлерінің құзыретіне жататындықтан, көлік құралдары жүргізушілерінің талаптарды бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін. Полицияның басқа қызметтерінің қызметкерлері жол қозғалысын бақылаудың арнайы жоспарларын қолданысқа енгізген кезінде ғана, сондай-ақ ішкі істер органы басшысының шешімі бойынша қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп орындаған кезде жүзеге асырады.
3. «Ішкі істер органдарының жол полициясы жол-патрульдік қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2002 жылғы 14 желтоқсандағы № 789 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14158 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В.Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Б.Б.Бисенқұлов) жүктелсін.
5. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б.Бисенқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр милиция генерал-майоры Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды нақтылайды. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол полициясы жол-патрульдік қызметінің (бұдан әрі - жол-патрульдік қызметі) бөліністерінің жұмысын ұйымдастыруын белгілейді.
2. Жол-патрульдік қызмет бөліністері жұмысының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады.
3. Жол-патрульдік қызметтің жұмысында:
1) бақылау-өткізу пункті - бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде, табиғи апаттар, індеттер және басқа да төтенше жағдайлар пайда болғанда белгілі бір ауданда (жерде) өткізу режимін қамтамасыз ету немесе көлік пен жаяулардың қозғалысын шектеу үшін қойылатын полиция жасақшасы.
2) жол полициясының бекеті - жол полициясының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын (аварияларды талдау, жоғары тұрған орнадар мен лауазымды адамдардың нұсқаулары мен өкімдері, жоспарлар, полицияның кешенді күштерінің бірліктерін орналастыру негізінде) командирлер белгілеген нақты орнықтырылған орын.
Полная версия