Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
"Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 410 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 31 наурыздағы
 № 410 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 29 қарашадағы
 № 1264 қаулысына
 1-қосымша
Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
1. Қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:
Исекешев                    -  Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы                және жаңа технологиялар министрі,
                               төраға

Рау                          - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович               және жаңа технологиялар бірінші
                               вице-министрі, төрағаның орынбасары

Жақатаев                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Еркен Исаханұлы                жаңа технологиялар министрлігі Жер
                               қойнауын пайдалану департаментінің
                               директоры, хатшы

Әмрин                        - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ғұсман Кәрімұлы                қауіпсіздік комитеті төрағасының
                               орынбасары (келісім бойынша)

Сауранбаев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрлан Ермекұлы                және жаңа технологиялар вице-министрі

Бекетаев                     - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы              министрлігінің жауапты хатшысы

Дәленов                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы              вице-министрі

Ескендіров                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                  даму және сауда вице-министрі

Шынәлиев                     - Қазақстан Республикасының
Ғазиз Қоршабекұлы              Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                               Индустриялық-инновациялық даму бөлiмi
                               меңгерушiсiнiң орынбасары

      2.Көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы            газ министрі, төраға

Ақшолақов                    - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Болат Оралұлы                  газ вице-министрі, төрағаның
                               орынбасары

Алдашев                      - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Рүстем Ағыбайұлы               министрлігі Жер қойнауын пайдалануға
                               арналған келісімшарттар және өнімді
                               бөлу туралы келісімдер департаментінің
                               директоры, хатшы

Әмрин                        - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ғұсман Кәрімұлы                қауіпсіздік комитеті төрағасының
                               орынбасары (келісім бойынша)

Бекетаев                     - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы              министрлігінің жауапты хатшысы

Дәленов                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы              вице-министрі

Ескендіров                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                  даму және сауда вице-министрі

Шынәлиев                     - Қазақстан Республикасының
Ғазиз Қоршабекұлы              Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
                               Индустриялық-инновациялық даму бөлiмi
                               меңгерушiсiнiң орынбасары
Полная версия
ИС BestProfi