Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 12-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 ақпанда № 7435 тіркелді
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңының 1-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2022 жылғы № 119 Бұйрығымен (20.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
аталған бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулығында:
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.