Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2016
Ормандардағы санитарлық қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1591 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 15.04.2016 жылғы № 224 Қаулысына сәйкес
«Ормандардағы санитариялық қағидаларды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.11.2015 жылғы № 18-02/1003 Бұйрығын қараңыз
Редакция 07.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 67-бабының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Ормандардағы санитарлық қағидалар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 23 желтоқсандағы
 № 1591 қаулысымен
 бекітілген
1. Осы Ормандардағы санитарлық қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 67-бабының  3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды қорғау іс-шараларының тәртібін регламенттейді.
2. Зиянкестер мен аурулардан орман қорғау іс-шараларын қоса алғанда, орман пайдаланудың және ормандағы басқа да орман шаруашылығы жұмыстарының барлық түрлері ормандардың жай-күйіне теріс ықпал етпейтін тәсілдермен және әдістермен жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларға сәйкес шығу тегі табиғи және жасанды ормандар, тұқымбақтар, плантациялар және дайындалған ағаш материалдары, сондай-ақ орман қорының өзге де аумақтары зиянкестерден, аурулар мен табиғи және антропогендік сипаттағы өзге де зиянды ықпал етулерден қорғалуға жатады.
4. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау оның жай-күйін жүйелі түрде қадағалаумен, орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын дер кезінде анықтаумен, ошақтардың пайда болуының алдын алу, оларды тоқтату және жою жөніндегі шаралармен қамтамасыз етіледі.
5. Мемлекеттік орман қорының аумағында ормандарды қорғауды жүзеге асыру:
1) ағымдағы, экспедициялық, ұшақтан көзбен шолу және басқа да орман патологиялық зерттеулерді;
2) орман зиянкестері мен ауруларының дамуына жалпы, барлаушылық және толық бақылауды;
3) орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі жердегі және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыруды;
4) орман зиянкестерінің ошақтарын алдын алуды және жоюды қамтиды.
2. Орман қорғау іс-шараларын белгілеудің, жоспарлаудың
 және жүргізудің жалпы тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi