Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2013
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 3 ақпанда N 677 тіркелді.
Бұйрықтың күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 24.02.2011 № 95 бұйрығымен (17.11.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 24.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2013.01.01 бастап күші жойылады - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.24 № 95  ( 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
: Бұйрықтың атауына өзгертілді ҚР Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі № 405 бұйрығымен.
Қосымша беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомы бекітілсін. 
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрлігі
 Қазынашылық департаментінің
 1998 жылғы 1 желтоқсандағы
 N 548 бұйрығымен
 Бекітілді
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын 
 мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік нысандардың 
 Альбомы 
: № 6, 7 Мемориалдық ордер Әртүрлі ұйымдармен есептесу жөніндегі жинақтаушы ведомость № 408 нысан" және 6 бөлімнің № 408 нысан "Есеп айырысулар" бөлімшесінің атауынан басқа, мәтіні мен нысандарындағы "бюджеттік ұйымдар," "ұйымдар" сөздер тиісті септіктерде "мемлекеттік мекемелер" сөздермен ауыстырылды ҚР Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі № 405 бұйрығымен.
1-бөлiм 
 Активтер 
 Активтердi қабылдау-беру 
 (орын алмастыру) актiлерi 
 N ОС-1-нысан 
#$: 1-бөлімге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 50 бұйрығымен.
Акт активтердi қабылдау-беру (орын алмастыру) үшiн қабылданады. Активтердi қабылдау-беру (орын алмастыру) әрбiр жеке объект (зат, комплект) үшiн жасалады. Бiр үлгiдегi және құны бiрдей машиналарды, аппаратураларды, приборларды, шаруашылық құралдары және жабдықтар үшiн бiрнеше объектiлердi (заттарды) қабылдауға арналған жалпы акт жасауға рұқсат етiледi.  
Актив объектiлерiн (заттарын) қабылдау үшiн мемлекеттік мекеменің жетекшiсiнің өкiмiмен (бұйрығымен) комиссия құрылады. Мемлекеттік мекеме жетекшiсiнің актiсiмен бекiтiледi. Акт ресiмделгеннен кейiн бухгалтерлiк қызметке берiледi. Актiге осы объектiге (заттарға) қатысты техникалық құжаттар қоса берiледi. Осы құжаттар негiзiнде бухгалтерлiк қызмет объектiге түгендеу нөмiрiн бередi және есеп тiркелiмiнде тиiстi жазба жасалады. 
Тiкелей бастапқы құжат негiзiнде (шот-фактурлар және т.б.) негізiнде жекелеген заттарды қабылдауды ресiмдеуге рұқсат етiледi.  
Материалдық жауапты адам бастапқы құжаттарда объектiлердi (заттарды) жауапты сақтауға қабылдау жазбасынан басқа түскенi туралы, оларды активтердің түгендеу тiзiмiне (олардың орналасу, пайдалану жерлерi бойынша) түгендеу нөмiрi көрсетiле отырып жазғандығы туралы белгi жасауы тиiс.     
Мемлекеттік мекемелердегі активтердi 
 есептен шығаруға арналған акт 
 N ОС-3 бюдж. нысан 
Акт мемлекеттік мекемелердегі активтердің жекелеген объектiлерiн есептен шығаруды ресiмдеу үшiн қолданылады.  
Есептен шығаруға арналған активтерде актив объектiлерiн сипаттайтын мынадай деректер көрсетiледi: объектiнің жасалу немесе құрылысы салынған (құрылысы аяқталған) жылы, оның мемлекеттік мекемеге түскен күнi, пайдалануға енгізiлу уақыты, объектiнің бастапқы құны, бухгалтерлiк есеп бойынша есептелген тозу сомасы, жүргізiлген күрделi жөндеу саны.  
Активтер объектiлерiнің шығу себептерi тиянақты көрсетiледi, негiзгi бөлiктердің, тетiктердің, желiлердің, конструктивтiк элементтердің техникалық сипаттамасы берiледi.  
Активтердi есептен шығаруға арналған актiлердi комиссия әзiрлейдi және мемлекеттік мекемелердің басшылары бекiтедi. Актiнің данасы бухгалтерлiк қызметке есепте активтердi есептен шығару үшiн берiледi, екiншi данасы материалдық-жауапты адамда қалады және қоймаға активтердi жоюдан алынған жарамды желiлер мен тетiктердi, сынықтарды, қалдықтарды және т.б. тапсыру үшiн негiз болады.  
Активтердi бөлшектеу және бұзу есептен шығару актiлерiн бекiткенге дейiн рұқсат етiлмейдi. 
"Келісілді" белгісі мемлекеттік мекемелер мүлкін есептен шығаруға арналған актілер мемлекеттік басқару органдарымен келісілген жағдайда толтырылады. 
Полная версия
ИС BestProfi