Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.07.2001
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң мәртебесi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 9 қаңтар N 1059.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң интеллектуалды әлеуетiн неғұрлым толық пайдалану, ғылыми, ғылыми-педагог кадрларын және халық шаруашылығына мамандар даярлауға қосатын үлесiн ұлғайту, оқу және ғылыми-зерттеу процесiн басқаруды демократияландыру мақсатында "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемiн:
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiне өзiн-өзi басқаратын автономды мемлекеттiк жоғары оқу орны мәртебесi берiлсiн және ол бұдан былай Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетi деп аталсын. 
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiне: 
- университеттiң құрылымы мен штатын, профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлер санын, олардың еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен мөлшерiн дербес белгiлеу; 
- мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, студенттер, стажерлер, аспиранттар және докторанттар қабылдаудың жоспарлары мен тәртiбiн анықтау, сондай-ақ оларды оқыту мерзiмдерi мен нысандарын белгiлеу; 
- университетте оқытылатын барлық мамандық бойынша оқу жоспарларын, бағдарламаларды және басқа оқу-әдiстемелiк құжаттарды университеттiң Ғылыми кеңесiнде бекiту; 
- Қазақстан Республикасы ЖАК рұқсат етуiмен Ғылыми кеңесте университеттiң оқытушыларына ғылыми атақ беру жөнiнде түпкiлiктi шешiм қабылдап, тиiстi аттестат тапсыру және ҚазМУ-дың мамандандырылған Кеңестерiнде диссертациялар қорғау нәтижесi бойынша ғылыми дәреже беру; 
- шет ел ұйымдарымен төте шарттар мен контракттар жасасу, ынтымақтастықтың экономикалық шарттарын, оның iшiнде уағдаластық бағаларды анықтау, бiрлескен шағын кәсiпорындар, уақытша ғалым мамандар ұжымдарын құру, халықаралық бiрлестiктердiң, ұйымдардың қызметiне қатысу, шетелдiң ЭЕМ желiлерiмен және банктерiмен байланыс орнату хұқығы берiлсiн. 
Университетке оның жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мәселелердi шешу хұқығы берiлсiн. 
3. ҚазМУ-дың толық шаруашылық қарауына барлық негiзгi қорлар (үйлер, ғимараттар, ағаш өсiп тұрған жер учаскелерi, оқу-лаборатория корпустары, жатақханалар мен тұрғын үйлер, спорт-сауықтыру кешенi, оқу-ғылыми жабдықтар, есептеу техникасы, көлiк, байланыс құралдары және басқа қорлар) мен айналым қаржылары берiлсiн, оларды бұдан былай тек университет қана толық иемденедi, пайдаланады және иелiк жасайды. 
4. Университеттiң ғылыми-зерттеу және оқу процесiн ұйымдастыру деңгейiн көтерiп, ғылыми-лаборатория базасын нығайту үшiн Министрлер Кабинетi 1993-1995 жылдары университетке жабдықтар мен ғылыми приборлар сатып алуына еркiн айналымдағы валютада қажеттi мөлшерде қаржы бөлiнуiн көздейтiн болсын. 
5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚазМУ-дың оқу-материалдық базасын нығайту туралы арнайы қаулы қабылдасын, онда Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң екiншi кезегiн салуды жеделдету көзделсiн. 
6. Университет оқытушылар мен қызметкерлердi, оның iшiнде шет елдердiң мамандары мен ғалымдарын жұмысқа жалдаудың конкурс-контракт жүйесiн енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен бiрлесiп қызметкерлермен, оның iшiнде профессор-оқытушы құраммен контракт жасау және бұл жүйенi университеттiң бөлiмшелерiне жұмысының ерекшелiктерi мен өзгешелiктерiн ескере отырып енгiзу тәртiбiн әзiрлейтiн болсын. 
7. Қаржы министрлiгi, республикалық "Қазконтракт" корпорациясы 1993 жылдан бастап университеттi жеке нормативтер жөнiндегi бюджет қаржысы есебiнен жеке бөлiп мақсатты қаржыландыруды және орталықтандырып материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырсын. 
8. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң
Қамқоршылар кеңесiн құру туралы ұсыныс қабылдансын.
     Университет бiр айлық мерзiмде Қамқоршылар кеңесi туралы 
ереженi әзiрлеп, Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
     9. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң
ректорын Қазақстан Республикасының Президентi университет 
Кеңесi ұсынған кандидатуралар арасынан бекiтедi.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi