Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 Жарлығы
Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентiнiң 01.03.2012 жылғы № 273 Жарлығымен (24.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 1 қазандағы N 1356 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 41, 472-бап);
"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 1 қазандағы N 1356 қаулысымен бекiтiлген ережеге өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 3477 Жарлығы.
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (бұдан былай - Институт) мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық аспектiлерiн талдау тұрғысынан қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу мекемесi болып табылады.
2. Институт қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Мемлекеттiк хатшысының өкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының бұйрықтары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
3. Институт заңды тұлға болып табылады, оның Мемлекеттiк елтаңба бейнеленген мөрi мен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған өз атауы, сондай-ақ заңды тұлғаның басқа да реквизиттерi болады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 793 Жарлығымен (01.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4. Институттың негiзгi мiндеттерi мен функциялары мыналар болып табылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 04.05.1999 жылғы № 130 Жарлығымен
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлығымен (04.05.1999 ж. редакцияны қараңыз)
- Республика Басшылығына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшісі - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы мен өзге де мүдделi мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясатының мәселелерi жөнiнде талдаулық баяндамалар мен жазбалар, ұсыныстар мен ұсынымдар, ақпараттық-талдау материалдарын, сараптамалық және болжамдық бағамдар енгiзу.
5. Қойылған мақсаттар мен мiндеттердi орындау үшiн Институттың:
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 04.05.1999 жылғы № 130 Жарлығымен
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлығымен (04.05.1999 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.10.2014 жылғы № 928 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
- Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң Басшысы және оның тиісті орынбасары белгілеген ағымдағы және перспективалық мiндеттердi негiзге ала отырып, өз қызметiн жоспарлауға;
- мемлекеттiк басқару органдарының тапсырыстары бойынша мақсатты ғылыми талдамаларды орындауға, Қазақстан Республикасының тұрақты және қауiпсiз дамуын қамтамасыз етуге бағытталған сараптамалық бағамдар мен болжамдық сипаттағы ұсыныстар енгiзуге;
- өзiнiң алдына қойылған мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан сұратуға және алуға;
6. Институттың ғимараттарын, құрылыстарын және басқа мүлкiн оған жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттi мемлекеттiк орган бередi.
Институттың ғылыми, баспа және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметiнен алынған барлық қаражаты Институттың негiзгi мiндеттерi мен функцияларына сәйкес пайдаланылады.
8. Институттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 04.05.1999 жылғы № 130 Жарлығымен
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлығымен (04.05.1999 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентiнiң 01.03.2012 жылғы № 273 Жарлығымен (24.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.10.2014 жылғы № 928 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (12.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Институттың Үйлестіру кеңесі Институт қызметінің негізгі бағыттарын келісуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын өзге функцияларды жүзеге асырады.
9. Институтты директор басқарады, ол дара басшылық принциптерi негiзiнде Институттың жұмысын ұйымдастырады және Институтқа жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн толық жауап бередi.
Институт директорының ұсынуы бойынша Ғалымдар Кеңесiнiң құрамы Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң қарауына енгiзiлiп, оны Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтедi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi айқындайтын штат саны шегiнде белгiлейдi. Ғылыми бөлiмдер мен секторлардан басқа Институт құрамына ғылыми-қосалқы және өндiрiстiк сипаттағы бөлiмшелерi енедi.
12. Институт директорын Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Институт директоры мемлекеттiк органдарда, халықаралық ұйымдарда, барлық ғылыми мекемелерде оның атынан өкiлдiк етедi, белгiленген тәртiппен Институттың мүлкi мен қаржысына иелiк жасайды, Институттың қаржы қорларын құрып, оларды пайдалану тәртiбiн белгiлейдi, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi, банктерде шоттар ашады.
Институт директоры өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады, Институттың бөлiмшелерi, филиалдары туралы ережелердi және лауазымдық нұсқауларды бекiтедi, заңдарға сәйкес Институт қызметкерлерiне көтермелеу шараларын және тәртiптiк жазаларды қолданады, Институт құзыретi шегiнде қызметтiк және қаржылық құжаттамаға қол қояды, Институттың Ғалымдар Кеңесiнiң жұмысын және оның шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады, өзiнiң орынбасарлары мен құрылымдық бөлiмшелердiң мiндеттерiн белгiлейдi, Институт қызметiн Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң қызметiмен үйлестiрiп отырады.
Институт директоры орнында болмаған кезде директордың бiрiншi орынбасары қызметтiк және қаржылық құжаттамаға қол қою құқығымен оның мiндетiн атқарады және Институттың жұмыс режимi үшiн толық жауап бередi.