Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
Осы редакция 22.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.07.2010 № 745 Қаулысымен (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін:
1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»;
4) «Мұрағаттық анықтамалар беру».
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін дұрыс әрі уақтылы статистикалық есепке алу және оның жай-күйін талдауды жүзеге асыру мақсатында мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою және мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (куәлік телнұсқасын) беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін түрі автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабы 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
Полная версия