Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
Осы редакция 09.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.07.2011 № 842 (20.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 20.07.2010 № 745 Қаулысымен (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін:
1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
2) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»;
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.07.2011 № 842 (20.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 2315 қаулысымен
 бекітілген
Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.07.2011 № 842 (20.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 14-кіреберіс 227-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – Комитет), интернет-ресурсы: www.mсi.gov.kz, сондай-ақ «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің нысаны: толық автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталында: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында: www.mсi.gov.kz орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi