Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.03.2014
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 16.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 05.03.2014 жылғы № 180 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 61-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу»;»;
«3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.»;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шет елге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн апостильдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 қазандағы
№ 1278 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – уәкілетті орган) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кiреберiс, 227-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Полная версия
ИС BestProfi