1. Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволары мен авиакомпанияларының әуе кемелерi бар iздеу-құтқару қызметтерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметi (БАIҚҚ) құрылсын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.11.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметi (БАIҚҚ) туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 19996 жылғы 4 қаңтар N 13
Апатқа ұшыраған немесе ұшыраудағы әуе кемелерiнiң құрамдары мен жолаушыларын iздеу мен құтқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру, халықаралық конвенциялар мен шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн толық көлемде орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
2. Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
3. Iздеу-құтқару шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу, Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметiнiң жұмысын дамыту мен үйлестiру жөнiнде жедел басшылық жасау үшiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң жанында әуе кемелерi бар министрлiктердiң, ведомстволардың және авиакомпаниялардың өкiлдерiнен Авиациялық iздеу мен құтқару жөнiнде үйлестiру кеңесi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Әскери-әуе күштерiнiң қолбасшысы
Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып тағайындалсын.
5. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы мүдделi министрлiктердiң,
ведомстволардың және авиакомпаниялардың келiсiмiмен бiр ай мерзiм
iшiнде Үйлестiру кеңесiнiң құрамын анықтасын және Үкiметтiң бекiтуiне
ұсынсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 4 қаңтардағы
N 13 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық
iздеу-құтқару қызметi (БАIҚҚ) туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық iздеу-құтқару қызметi (БАIҚҚ) - бұл иелiгiнде әуе кемелерi бар министрлiктердiң, ведомстволардың және авиакомпаниялардың iздеу және құтқару авиациялық қызметтерi, апаттық-құтқарушылық және парашюттық-десанттық қызметтерi.
2. Қазақстан Республикасының БАIҚҚ апатқа ұшыраған немесе ұшыраушы әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларын iздеу және құтқаруды, қонғаннан кейiн ғарыш объектiлерiнiң түсiретiн аппараттары мен ғарышкерлердi iздеу мен эвакуациялауды, теңiз айлақтары мен су айдындарындағы кемелер мен корабльдердiң жеке құрамдарын және экипаж мүшелерi мен жолаушыларға апат жағдайларында көмек көрсетудi ұйымдастыру мен жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тапсырмасы бойынша апаттар мен ауыр апаттар, дүлей және экологиялық апаттар кезiндегi жұмыстарды орындау үшiн құрылады.
Оның қызметiне жалпы басшылық жасау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Авиациялық iздеу мен құтқару жөнiндегi үйлестiру кеңесiне (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) жүктеледi.
II. БАIҚҚ басқару органы -Үйлестiру кеңесi
3. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы мен әуе кемелерiн пайдаланатын және iздеу-құтқару күштерi мен құралдары бар министрлiктердiң, ведомстволардың және авиакомпаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыштық агенттiгiнiң өкiлдерiнен құралады.
4. Үйлестiру кеңесiнiң құрамына мыналар кiредi:
Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерi.
Үйлестiру кеңесiнiң дербес құрамын мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және авиакомпаниялардың бiрiншi басшыларының келiсiмiмен оның төрағасы анықтайды және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерiнiң (ӘӘК) қолбасшысы Үйлестiру кеңесiнiң Төрағасы болып тағайындалады.
5. Үйлестiру кеңесiне мыналар жүктеледi:
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, авиакомпаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери түрлерi мен тектерiнiң Авиация мен ғарыш объектiлерiнiң ұшуларында iздеу-құтқаруды қамтамасыз ету жөнiндегi (ҰIҚҚ) қызметiн үйлестiру, осы жұмыстың жай-күйiн бақылау және бұдан әрi оны жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасы экономикасының әртүрлi салаларындағы апаттан құтқару қызметтерi мен өзара iс-қимылды ұйымдастыру;
Полная версия

